Жүзу: Əділбек Мусин əлем чемпионатының жартылай финалына шықты

28 Шілде 2023, 17:31 952

Отандасымыз Əділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан жүзуден əлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Ол 100 метрге баттерфляй əдісімен жүзуде жалпы 14-нəтиже көрсетті. Осылайша, Əділбек осы қашықтықтағы Қазақстан рекордын тіркеп, күзде Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына, келесі жылғы Париж Олимпиадасына жолдама (баттерфляй, 100 м) алды.

Жартылай финал жарыстары бүгін сағат 17:09-да басталады. Су спорты түрлерінен бəсекені Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: