Жұртшылық кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін берілетінін нақты білуі тиіс – Бектенов

12 Қараша, 13:06 312

Үкімет басшысы «әлеуметтік әмиян» жүйесін пысықтауды тапсырды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының сирек кездесетін аурулары бар науқастарды қымбат препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде елімізде республикалық орфандық аурулар орталығы құрылды.  

Премьер-министр Олжас Бектенов есепте тұрған азаматтардың дәрілік заттарға қолжетімділігін бақылау қажеттігін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігіне «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, орфандық препараттарды сатып алуды қаржыландыру тізбесі мен көздерін айқындап алу тапсырылды.

Министрлік мұндай пациенттерді нақты бақылап, аталған дәрілік заттарға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуі керек. Ешкім де көмексіз қалмауы тиіс, — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр «әлеуметтік әмиян» арқылы дәрілік заттарға электрондық ваучерлер алу тетігін іске асыру мәселесіне жеке тоқталды. Электрондық платформа пациенттерге дәрі-дәрмек беру процесін жеңілдетуге бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігінің алдына жобаны жедел пысықтау бойынша міндет қойылды. Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды.

Жұртшылық кімге және қандай дәрі-дәрмектер тегін берілетіНін нақты білуі тиіс. Мемлекет өз міндеттемеЛерін орындап отыр, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: