Журналистің тілдік бейнелеу ерекшелігі

3 Қыркүйек 2017, 11:40 4905

Қаламгердің стильдік ерекшелігі 

«Қазақтың ұлттық дәстүріне нұсқау түсе бастаған алғашқы кезде Қалдыекең Қордай өңірінің белді бір азаматына ас бергенде ат шаптырмай қойған көрінеді. 1924 жылы оспанға ат шаптырып, ас беріледі. Осыған айырпланмен Ораз да, Қалдыекең де келеді. Асқа жиналғандар оларды қошаметпен қарсы алады. Амандық-саулықтан кейін: - Шырағым Қалдыбай, ауылымыздың ардақ тұтқан қариясына (Момбек не Асылбек, қайсысы екені есімде жоқ) ат шаптырмай қойып едің. Олпанға алты алашты шақырып, ас беріп, ат шаптырып жатырсың. Советтің осы ісі әділет пе?- дейді сол елдің бір қариясы. Жан- жағын байыппен бағдарлап алған Қалдыекең:  - Қариялар халқына қазы бола ма десем, қазымыр болыпты ғой. Олпан ауылдың ғана емес, ауыл-аймақтың азаматы болып өсіп келе жатқан аяулы арысымыз еді. Амал қанша, қыршын кетті,- депті. Елде үн жоқ. Бұл оқиға да журналистің бір қырын таныса керек. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді. Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.

Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.       

1934 жылдың қысында қасында екі орысы бар Қалдыбай кезекті еңбек демалысында Шубай қарияның үйіне келіп , айға жуық аң аулап жатады... Шүкең – аймаққа белгілі мерген, құс ұстап, құмай, тазы ерткен әйгілі аңшы болған ғой. Аңшылыққа жаны құмар Қалдыекеңнің әдейі іздеп келуінің бір түйіні осынды жатқан сияқты. Екінші ұшы – 1932-1933 жылғы ашаршылықтан кейін ел жағдайын білмек ойда екен. Қасындағы екі орысы қорғаушылары көрінеді»,-деп біз білмейтін жәйітті қозғайды Ж. Әбдірақманұлы.

Ұшқыр ойлы журналисттің шығармашылығын зерттеу барысында ең басты жетістігі ретінде редакторлық, қайраткерлік қыры екендігіне көптеген деректер табылған. Әрине, уақыт өте келе басқа да қабілеті айқындала түсетіндігі шүбәсіз. Дегенмен, қолдағы мол мағлұматқа сүйене отырып, төмендегі жайттарды баяндауға болады.

Жетісу облыстық атқару комитеті мен ортақшыл комитетінің «Кедей еркі» газеті Алматыда қазақ тілінде, аптасына бір рет шығып тұрған. Осы екі беттік газеттің 1921 жылғы сәуірдің; 12, 17 мамыр айының 6, 1; маусымның 1, 4, 6, 16; шілде айының 13,23, 29; қыркүйектің 5, 12, 19, 21; қазанның 1,3 күндерінде шыққан нөміріне редакторлық еткен. Газет бұл уақытта 1600 тиражбен шығып тұрған. Бір нөмірін қарай отырып, оның басшылық жасап қана қоймай, үнемі материалдар жазып, газет жұмысына белсенді араласып отырғанынан хабардар болдық. Оның жазғандары қазақ тілінің іс-қағаздары мен мекеме, тағы басқа орындарда қолдануына септігін тигізген. Сонымен қатар, «Кедей еркі» газетінің таза қазақ тілінде шығуына зор үлес қосқан. Ерекше атап өтерлік нәрсе, Қалдыбай «Көмек» газетінің де шығуына елеулі көмегін тигізген. Кейіннен оған да нақты еңбек сіңірген. Бұл жайында ғалым Т.Қожакеев жоғарыда айтылған «Жыл құстары» атты кітабында былай деп жазады: «Көмектің» 1919 жылғы 29 желтоқсанындағы 89-нөмірінен кейін, оның орнына 1920 жылы 4 қаңтардан «Ұшқын» деген жаңа газет жарыққа келді. Бұл облыстық мұсылман бюросының газеті қазақша, ноғайша, ұйғырша аралас тілде, жұмысына екі рет шығарылып, 3 мың тиражбен таратылды. Алғашқы 25 нөмірінің редакторы С.Шәкіржанов. Одан кейін Қалдыбай Абдуллин болды. Осыдан кейін-ақ Қ.Абдуллиннің редакторлық беделінің өсе түсуіне, оған зор сенім артылғанына шүбә келтіре алмаймыз.

Ел ішінде Қалдыбайдың адамгершілік іс-әрекеттері аңызға да айналған. Сонау ел аштыққа ұрынған жылдары, жаңадан отырықшылыққа көшіп, мектеп салып, колхоз болып ұйымдаса бастағанда қайсы бір істің басында жүрген, қолынан келгенше жәрдемін берген Қ. Абдуллин туралы хикаяттар қарттар аузында. Тек солар арамызда жүргенде жазып алсақ, соған көпшілік болып атсалыссақ, азаматтың әруағы риза болар еді.

Ауылдан хат жолдап, азамат жайлы қариялардың естігенін қағазға түсірген С. Әбдіқадырұлы мынадай өлең жолдарын келтірген:

Қалдыбай Сырымбет те озған жоқ па,

Ер Оспан айға қолын созған жоқ па.

Жәгерскей батырағын Мамыт билеп,

Рысқұлдың делебесі қозған жоқ па?!

Бұл өлеңді Шу өңірін мекендеген қазақ, қырғызға есімі мәшһүр, өнерімен қадірі аспандаған Молдажанұлы Әлмейін ақын шығарған екен. Өлеңге мән бере қарағанымызда Олтан сияқты ел азаматымен бірге атақ-абыройы өсіп, еңбегі жанып, елге құрметі артып, аяулысы болған Қалдыбай даңқы ақын жүрегін шымырлатып, жыр шумағын төгілдіргендей. Жақсыны жаны қуана жырлап, жаманды көңілі құлази отырып мінейтін ақын сыры өрелі жанға белгілі-ау, шамасы. Тек бір ғана ауыл-аймақта қалып қоймай, дүйім жұрқа жаны ашып, күресіп жүрген азамат бейнесі осы бір шумақтан танылғандай. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады.

Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады. Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім». Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын.

Ағарту саласында да қызмет атқарды. Оны Кеңес өкіметінің алдыңғы қатарлы өкілдерінің санатына қосуымыздың, халық қамын күйттеп, қай жерге болса да тындырымды еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосқан қайраткер ретінде қарастырғанымыздың еш сөкеттігі жоқ. Өкінішке қарай, әлі де болса, атқарған қызметінің біразы жөнінде айғақтайтын құжаттар табылмай отыр. Бір кездегі облыстық партия архиві қазіргі уақытта жабылған. Дегенмен де, оның қоғам қайраткері, халық қамқоршысы, ел жанашыры ретіндегі ұшан-теңіз еңбегін ешкім де жоққа шығара алмаса керек. Қордай өңірінен шыққан саяси қызметкер, беделді журналист Қ. Абдуллиннің атқарған қызметі жайлы тың деректерді Бішкек архивінен де іздестіру ісі қолға алынуда. Болашақта жүйелі де мақсатты жүргізілген зерттеу жұмысы оң нәтижесін берер деген сенімдеміз.

Ел ұлының өмірбаяны мен қызметі жайында зерттеген дүниеміз аз да болса осы. Әрине, әлі де болса, көптеген деректермен толықтыра түсуді қажет етеді. Осы ниетпен Нұрлан аға біршама жұмыстар жасаған екен. Қорғай аймағына, аудандық әкімшілікке қатынас қағаздарын жолдапты. Бірақ, көңілді елең еткізер еш нәрсе табыла қоймаған. Ел ішіне еніп, азаматты білетіндермен хабарласып, оның өмірбаянын ептеп анықтай бастаған. Қалдыбайдан қалған мол мұраның, басқа да деректердің енді тасада жатпауға тиісті екендігін халық та ұғынғандай. Олар да іске білек сыбана кірісіп, өз қолынан келген көмегін көрсетуде. Оның журналистік, қайраткерлік қызметінен ел құлақтанып, оқырмандар аз да болса, өмірбаянына қаныққан. Қазақ баспасөзінде өзіндік қолтаңбасын, озық ойлы пікірін қалдырған ұйымдастырушы ретінде Қ. Абдуллин есімі өшпейтіндігі шүбәсіз. Оның табанды жетекшілігімен шығып, бүгінгі күні облыстың маңдайалды басылымы болып отырған «Жетісу» газетінің шежірелі беттерінен талай сыр ұғуға болады. Сондықтан да редактор Қ. Абдуллинді қазақ журналистикасының көрнекті өкілі ретінде қарастыратын боламыз.

Бөлісу: