03.02.2023
18:37
2242
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды.

2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.

Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын. Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.

Бейне ақпарат қоса беріледі.