Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған ақмолалық тұрғын ұсталды

17 Қаңтар 2023, 14:49 1331

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті

Ақмола облысының тұрғыны астаналықтарды жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп алдап, қызметі үшін 160 мың теңгеге дейін алған, деп хабарлайды www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Жүргізуші куәлігін жасау туралы жеке тұлғалардың ұсыныстары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған», - делінген полиция хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: