«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Алматыда халықты алдаған ер адам ұсталды

26 Сәуір 2023, 11:15 738

Жүргізуші куәлігін 100-300 мың теңгеден саудалаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасына бес жәбірленуші арызданған. Алаяқ жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін көмек көрсететінін айтқан күдікті ұсталды. 

Күдікті «қызметі» үшін 100-300 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған 26 жастағы Ж. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы. 

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: