20.08.2025
22:30
540
Жүргізуші көлігінен 14 келіден астам марихуана табылды

Жүргізуші көлігінен 14 келіден астам марихуана табылды

Шымкент полициясы өз автокөлігінде есірткі заттарын тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан жалпы салмағы 14 келіден асатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылды.

Бұдан өзге тәртіп сақшылары тағы бір есірткі қылмысын ашты. Синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымын әшкерелеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 400 грамнан асатын психотроптық заттар тәркіленді.

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды