Жүрегіңіз сау болсын десеңіз. Кардиологтан 5 кеңес

17 Қаңтар 2017, 15:45 9703

Кардиологтардың айтуынша егер жас күніңізден бастап жүрегіңіздің қалыпты жұмыс істеуін қадағалайтын болсаңыз, аталарымыз айтпақшы «әдемі қартаясыз».

Жүрек – адам ағзасының басты қозғалтқышы. Оның дұрыс әрі ұзақ жұмыс істеуі өз қолыңызда. Кардиологтардың айтуынша егер жас күніңізден бастап жүрегіңіздің қалыпты жұмыс істеуін қадағалайтын болсаңыз, аталарымыз айтпақшы «әдемі қартаясыз». Назарларыңызға кардиологтардың бес маңызды кеңесін ұсынамыз.  

  1. Жүрекке ең жағымсыз әсер ететін сыртқы факторлардың бірі – шылым шегу. Осы тұста жүрек ауруларына көбіне ер адамдар шалдығатынын ескере кеткен жөн. Сондықтан, шылым шегетін болсаңыз - денсаулығыңыз жайлы ойланғаныңыз абзал.
  2. Дұрыс тамақтану. Артық салмақтан арылу. Ағзадағы артық май – қандағы холестериннің мөлшерінің көбейуіне алып келеді. Қан құрамында холестерин көп болса – қан қысымы да жоғарылап, атеросклероз  ауыруына шалдықтыруы мүмкін.
  3. Уақытылы ұйқы. Жүрек те өзге ағзалар секілді күнделікті демалысқа мұқтаж. Дәрігерлердің айтуынша күніне 8 сағат ұйқтау адам ағзасына жеткілікті. Бұл уақыт аралығында жүрегіңіз тынығып үлгереді.
  4. Спортпен шұғылдану немесе күніне кемі 3-4 км жаяу жүру – жүректің жұмыс істеуіне өте пайдалы.  Сондай ақ, дәрігерлер мүмкіндік болса скандинавтық жүру тәсілімен жаттығуға кеңес береді.
  5. Мазасыз күйден (стресс) мейлінше алшақ болу. Шамадан тыс қайғыру немесе қуанудың өзі мазасыз күйге түсіретінін ұмытпаңыз. Мұндай кезде жүрек қалыпты жағдайынан бес есе артық жұмыс істейді.  Сондықтан өз эмоцияңызды қадағалап үйренгеніңіз жөн.

Сонымен, кардиологтардың кеңесіне сүйеніп, жүрегінен ешқандай қиындық көрмейтін адамның портретін жасап көрейік.

Ол – темекі шекпейтін, аптасына кемінде бір рет спортпен айналысатын, табиғатта демалғанды ұнататын, мүмкіндігінше жаяу жүруге тырысатын, шамадан тыс шарап ішпейтін, кіші-гірім қиындықтарға бас қатырып қайғырмайтын, күніне кемі 8 сағат ұйықтайтын адам.  Егер сіз дәл осындай адам болсаңыз – сізге алаңдайтын ешнәрсе жоқ.

Бөлісу: