Жұмысынан айырылған 33,5 мыңға жуық адам әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды

22 Ақпан 2023, 10:31 1501

Өткен жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 33,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл ретте биыл 14,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналғанын естеріңізге сала кетейік.

Мемлекет Басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап табысты алмастыру коэффициентін 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте төлем тағайындау тәртібі сақталды және жұмысынан айырылған және жұмыссыз мәртебесін алған жүйеге қатысушыларға ғана қолданылады.

Жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшерінің өсуі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған алушыларға да әсер етті, ол автоматты түрде жүргізілді.

EL.KZ
Бөлісу: