Жұмыстан тыс қызметкерлерінің мазасын алған бастықтар жауапқа тартылмақ

28 Тамыз, 11:50 601

Аустралия билігі азаматтардың жеке құқықтарын қорғау мақсатында жаңа заң қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Информбюро-ға сілтеме жасап.

Енді қызмнеткерлер келісімшартта көрсетілген уақыттан кейін жұмыс барысымен шалынған телефон қоңырауы мен электронды құжаттарға жауап бермеуге құқылы. 

Мұндай бастаманы елдегі лейбористік партия мамандары көтерді. Айтуларынша, қызметкерлердің басым бөлігі аптасына 4-5 сағат еңбек ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр. Сондай-ақ 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтардың аптасына 4-7 сағат тегін жұмыс істейтіні белгілі болды. Енді заңға бағынбаған басшылар 63 мың доллардан астам айыппұл арқалауы мүмкін.

Аустралия мұндай заңды қабылдап жатқан алғашқы мемлекет емес. Бұған дейін Германия, Италия, Канада және Франция елдері де азаматтардың құқығын қорғау үшін дәл осындай заң қабылдаған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: