Жұмаға арналған ауа райы болжамы

2 Желтоқсан 2022, 09:05 1873

Тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болжанады.

Қазгидромет синоптиктері 2 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болжанады.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман болады

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

EL.KZ
Бөлісу: