Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне шабуыл жасалғанын растады

5 Қараша, 13:34 877

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі жеке парақшасына шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол соңғы уақытта анонимді шабуылдар жиілеп кеткенін жеткізді.

Шабуыл жасалды! Кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш еді. Бір жарым сағат әуеде интернет болмайтыны түсінікті. Жерге қонған бойда хабарлама келді: "10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инста-парақшаңыз бұғатталды" деген. Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым. Бұл біз үшін қиын емес. Бұған дейін маған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе соңғы уақытта, – деп жазды актриса. 

Сонымен қатар, өнер иесі хакерлерге ескерту жасап, мұндай шабуылдармен өзін қорқыту мүмкін еместігін айтқан еді. 

Ескертемін! Мұндай әрекетпен мені қорқыта алмайсыздар! Инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса, ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін ұмытпағайсыздар. Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шештім. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын. Ал сот мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды! Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін!, – деп мәлімдеді желі жұлдызы. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: