«Жүк көлігі өткен». Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтан уланған

26 Сәуір, 11:40 945

Шымкентте белгісіз сұйықтықтың исінен 22 адам уланып қалды. Оқыс жағдай Еңбекші ауданындағы тұрғын үй секторы аумағында тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне тиелген 800 литрлік темір бөшкеден сұйықтық төгіліп, газ бен бу ауаға тараған. Осының кесірінен тұрғындардың жүрегі айнып, өздерін жайсыз сезінген.

Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек алып, токсикология орталығына жеткізілді. Дәрігерлерлік тексерістен кейін бәрі үйлеріне жіберілген.

Жалпы 13 науқас жедел-жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше бізге келіп көмекке жүгінді. Соның ішінде біз 9 науқасқа стационарлық ем көрсеттік. Олардың бәрі үйлеріне амбулаторлық учаскелік дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ, - деді қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.

Болжам бойынша, ауада аммиак, пропан, метан, көмірсутекті мұнай газының артық мөлшері бар. Зерттеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: