12.09.2023
16:01
1300
Жойқын жер сілкінісі болған Мароккода қанша қазақстандық тұрады? СІМ жауап берді

Жойқын жер сілкінісі болған Мароккода қанша қазақстандық тұрады? СІМ жауап берді

Сыртқы істер министрлігі осыдан бірер күн бұрын жойқын зілзала болған Мароккода қанша қазақстандық тұратынын айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Естеріңізде болса, жер сілкінісінен 3 мыңға жуық адам қайтыс болды.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Мароккода Қазақстанның 30-дан астам азаматы тұрады.

Мароккода өз елшілігіміз бар. Онда елшілік қызметкерлері мен өзге де қазақстандықтарды қосқанда 30-дан астам адам тұрады. Оларға ештеңе болған жоқ, бәрі жақсы. Хабарласып жатырмыз. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деді Смадияров.