Жөтелден тезірек арылу үшін алдымен оның түрін нақтылап, содан кейін дұрыс емдеу жоспарын ұстану қажет. Бұл туралы Life.ru-ға берген сұхбатында терапевт Юлия Якиманская айтып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, жөтел екіге бөлінеді:
• ылғалды жөтел — қақырық бөлінеді;
• құрғақ жөтел — тамақ жыбырлап, сілемейлі қабық тітіркенеді.
Оларды емдеу тәсілдері де әртүрлі. Ылғалды жөтелде басты мақсат — қақырықты жеңіл шығару, ал құрғақ жөтелде — сілемейлі қабықты жұмсартып, жөтел рефлексін азайту.
Емдеуді жылдамдатуға мол сұйықтық ішу, ауаны ылғалдандыру, үйді жиі желдету және тынығу көмектеседі. Дәрігердің айтуынша, ылғалды жөтелді қақырық түсіретін дәрілердің орнына жөтелді басатын препараттармен емдеуге болмайды — бұл пневмонияға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ антибиотиктерді өз бетімен қабылдауға, жоғары қызба кезінде кеудені жылытуға немесе аяқты ыстық суға салуға тыйым салынады.
Егер жөтел жеті күннен артық созылса, ентігу немесе кеуде ауыруы пайда болса, қақырық жасыл түсті не қан аралас болса, сондай-ақ 38°C-тан жоғары температура үш күннен көп сақталса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.