Жолдауда өңірлік билік органдарының саяси дербестігін кеңейту мәселесі көтерілді – сарапшы

1 Қыркүйек 2023, 17:35 1100

Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Нұралы Камалдың айтуынша, жолдау елді орталықсыздандырудағы өте маңызды кезеңді көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік атқарушы билік органдарының саяси дербестігін кеңейту мен экономикалық дербестікті арттыру қолға алынатын болады. Орталық тарапынан «қамқоршылықты» әлсірету геосаяси турбуленттілік дәуірінде мемлекетті күшті және бәсекеге қабілеттілік үшін оң үрдіс және объективті қажеттілік болып отыр. Жергілікті атқарушы органдарды нығайтудың халықаралық тәжірибесі тиімді мысалдарға толы, мәселен, Франция. Өздеріңіз білетіндей, қазір қазақстандықтар ауыл әкімдерін тікелей сайлайды. Ал жақын арада аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың басшыларын сайлай бастайды. Бұдан басқа, президент Тоқаев өңірлердің бюджеттік дербестігі деңгейін арттыру шеңберінде әкімдіктерге қосымша салықтардың, оның ішінде ҚҚС-ның бір бөлігін беруді тапсырды, - деді ол.

Сарапшы тағы да бір қисынды қадам ретінде АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды атады.  

Шын мәнінде, мұндай талқылаулардың нәтижелері қоғамдық кеңестер, Ұлттық құрылтай сияқты институттардың тиімділігін көрсететін болады, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: