Жол саласындағы жобалар шеңберінде 17 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаға 2,5 мың адам тартылса, «Талдықорған – Өскемен» жобасы аясында бір мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр
Жалпы, республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және жөндеу жобаларына 9 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Күн сайын 5 мыңға жуық адам республикалық жолдарды күтіп ұстау мәселелерімен, 3 мыңға жуық адам жол-құрылыс материалдарын дайындау және жеткізу сұрақтарымен айналысады. Осылайша, автожол инфрақұрылымын жаңарту бойынша жұмыстарға бір топ білікті маман тартылған.