Жол үстінде көкпар ойнаған азаматтар анықталды

14 Тамыз 2023, 18:11 897

14 тамыз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, жол қозғалысына кедергі келтіргені туралы желіде бейнежазба таралған еді. Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Аталған дерек Талғар ауданының ПБ-да дереу тіркелді.

Тексеру барысында оқиғаның 12 тамыз болғандығы анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Іс материалдары сотқа жолданылып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылатын болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: