Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаға қандай өзгерістер енгізілді

Бүгiн, 10:28 202

Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ жолдардағы жазатайым оқиғаларды азайту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, тиімді әдістердің бірі – жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу камераларын пайдалану. Бүгінде елімізде осындай 25 мыңнан астам камера жұмыс істейді, олар жолдардағы барлық құқық бұзушылықтың 69%-ын тіркеген. Жүргізушілерді даярлаудың сапасын арттыру үшін өзін-өзі дайындау алынып тасталды, енді оқыту тек сертификатталған автомектептер арқылы жүргізіледі.

Жол қауіпсіздігі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. 2024 жылы жол-көлік оқиғалары жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасты. ІІМ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін заманауи технологияларды, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін автоматты камераларды  белсенді түрде қолданады. Бүгінгі таңда елімізде осындай 25 мыңнан астам камера бар. Мұндай камераларды қолдану жолдардағы барлық бұзушылықтардың 69%-ын анықтауға мүмкіндік берді, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ «Қауіпсіз жол», «Автобус» және «Автокөлік» сияқты түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Бұл жол апатын азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қазақстанда жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында елеулі өзгерістер енгізілді. Өзін-өзі дайындау және онлайн оқыту алынып тасталды, бұл үдерісті бақылауды арттыруға мүмкіндік береді. Барлық автомектептер мен курсанттар енді Ішкі істер министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі, бұл жалған куәлік жасау мүмкіндігін болдырмайды.

Оқу курстарын аяқтау туралы куәліктер мен медициналық қорытындыларды электронды форматқа көшіру жұмыстары да белсенді түрде жалғасуда, енді оны Денсаулық сақтау министрлігі электронды форматта береді.

Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін аумақтық ПД теңгерімінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған мобильді бағдарламалық-аппараттық кешендермен жабдықталған 268 патрульдік автомобиль бар. 2024 жылы 10 айда бұл кешендер жылдамдық режимінің 872 мыңнан астам бұзылуын тіркеді.

Астана (4 автокөлік), Ақтөбе (11), Атырау (6), Қарағанды (2), Қостанай (3), Солтүстік Қазақстан (1), Жетісу (1), Ұлытау (1) және Түркістан (1) облыстарында «жасырын» патрульдер белсенді қолданылуда. «Жасырын» патрульдерді қолдану нәтижесінде 43,3 мың бұзушылық тіркелді. Бұл шаралар аталған өңірлерде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

2023 жылы қазан айында ӘҚБтК мен жол қозғалысы туралы заңнамаға өзгерістер енгізетін заңдарға қол қойылды. Аталған өзгерістер екі кезеңде күшіне енеді: негізгі бөлігі 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап, ал мопедтерге қатысты толықтырулар 2025 жылғы 4 сәуірден бастап қолданылады.

Жаңа ережелерде екі камера арасындағы жол учаскесінде орташа жылдамдықты асыру үшін жауапкершілік қарастырылған. Мұндай учаскеде жылдамдықты 60 км/сағ-тан артық асырып өткен жағдайда, 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін (18 460-тан 147 680 теңгеге дейін) айыппұл салынады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз мас күйінде көлік басқарған немесе медициналық куәландырудан бас тартқан жүргізушілерге жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға тыйым салу мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды.

Мопедтер үшін міндетті түрде тіркеу және «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу талабы енгізілді. Сонымен қатар электромобильдерде белгісі болмағаны үшін айыппұлдар қарастырылған және осындай көліктерге арналған зарядтау станцияларын құру талаптары енгізілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: