01.06.2023
23:47
940
Жол ережесін бұзған ақтаулық жастар жазаға тартылды

Жол ережесін бұзған ақтаулық жастар жазаға тартылды

Ақтауда кортеж жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 шағын аудандағы жолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, автокөлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін қолданбаған жүргізушілер бірден көзге түсті.

Осылайша Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталды. Ал көлік құралының артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытып, құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - делінген полиция хабарламасында.