25.07.2024
12:27
1260
Жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы жігіт жүрек доноры болды

Жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы жігіт жүрек доноры болды

24 шілдеге қараған түні жол апатынан қаза тапқан шымкенттік 18 жастағы жігіт жүрек доноры болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның жүрегін басқа адамға трансплантациялау операциясын 24 шілдеде түнде «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ дәрігерлері жүргізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, трансплантацияны жүргізуге орталықтың басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев, оператор-ассистент Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов қатысты.