«Жол апаты. Төбелес. Кісі өлімі». Жолда жүру мәдениеті қашан қалыптасады?

13 Маусым, 15:55 1032

Жолаушының кейде сүрініп, кейде асығуы қалыпты жағдай секілді көрінеді. Бірақ сол жол кішкентай қателігіңді де кешірмейтінін ескермей жатамыз. Қазір не көп, жол апаты көп. Сабылған көлік, сабырсыз жүргізуші. Бірінің қателігін бірі кешіре алмайды. Жап-жас жігіттер әкесіндей кісінің жағасына жармасудан арланбайды. Күні кеше ғана дәл осындай жағдай Атырауда болды. Еңгезердей жігіт абайсызда көлігін сырып кеткен зейнеткерді соққыға жығып, ұрып өлтірген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл оқиға халық арасында дүрбелең тудырды. Ел ішінде осы тектес әртүрлі қылмыстық әрекеттерді жасаудан қымсымбайтын жолаушылар аз емес. 

Мәселен, наурыз айында Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды. Екі адам зардап шекті. Белгілі болғандай, BMW маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші Lexus көлігіне жол бермеген. Салдарынан қатты соққы бірінші көліктің қапталына тиіп, 27 жастағы жолаушы оқиға орнында тіл тарпай кетті. Қалған жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

2024 жылғы 22 сәуірде Алматы қаласында Toyota маркалы екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасынан жүргізушілердің біреуі зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушілердің бірі жол белгілерін ескермей, көше қиылысына шығып кетіп, екіншісімен соқтығысады. Қатты соққы салдарынан екінші көлік аударылып кетеді. Абырой болғанда, жолаушылар жолағында адамдар болмапты. Аударылған көліктің иесі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

11 маусымда Алматы-Екатеринбург трассасында жол-көлік оқиғасынан екі адам мерт болды. Төрт адам жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жөнелтілді. Жолға таласқан көлік жүргізушілеріне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалық талдаулар жүргізілуде.

Жолда кісі қағып кету деректерді де аз емес. Апаттың көбі жол ережелерін сақтамағаннан болады. Мәселен, маусым айының басында Алматы облысындағы Есік қаласында 14 және 3 жастағы екі қызды көлік қағып кетті. Кәмелетке толмаған қыздардың екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Апат орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Қылмыстық іс қозғалып, көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Иссык | Енбекшиказахский район (@kris_p_issyk)

Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер көліктегі кісіні, көліктегі кісі жолаушыны сыйламайтын оқиғалар жетіп артылады. Көліктен жұдырық ала жүгіретін жүргізушілердің әрекетін ақтап алу мүмкін емес. Жол ережелеріне мән бермей, арнайы белгілерді көре тұра қайғылы оқиғаларға себепкер болатын жүргізушілерге қатаң шара қолданған жөн.

Наурыз айында Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үйде  ер адам күзетшіні қасақана өлтірген еді. Оқиға куәгерлері күдіктінің қылмысын бейнежазбаға түсіріп алған екен. Олар қылмыскерді есірткіге құмар болған деседі. Сол түні үйіне қайтып келе жатқан қаскөй қақпаны жауып жатқан күзетшімен сөзге келіспей, көлігімен бірнеше мәрте басып өтті. Содан соң көліктен шығып, жұдырықтағаны белгілі болды. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Бірер күн бұрын желіде жеңіл автокөлік жүргізушісіне белгісіз біреулер шабуыл жасаған видео тарады. Бәзбіреулер көліктің жолын бөгеп, жүргізушіні сыртқа шығуға мәжбүрлепті. Көліктен шыға бергенде, дүрсе қойып, жағасынан алған деседі. Сон соң аямай тепкілеп, соққыға жыққан көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қаскөйлер қаруланғандарын айтып, жәбірленушілерді қорқытыпты мыс.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АЛМАТИНЕЦ. Таир Жиганбаев (@almatinec_life)

Алматыда кезекті шулы видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыға түсті. Видеода жолды бөлісе алмай қалған екі ер адам бейнеленген. Конфликт барысында біреуі екіншісін автокөлік капотында сүйреп әкеткен көрінеді. Белгілі болғандай, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі екінші көліктің алдын бөгеп, жол бермепті. Ашуға булыққан жүргізуші тізгінді қоя сала, агрессиямен балағаттай бастапты. Камераға түсіріп жатқанын байқаған соң, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасапты. Апаттық жағдай жасауға себепкер болған жүргізуші құрықталып, «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Almaty | Astana | Новости Казахстана 24/7 🇰🇿😱 (@zhest_kazakhstan)

Жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікті алғысы жоқ жүргізушілер де бар. Мәселен, Астана тұрғыны өзге көлікті сырып өтіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны белгілі болды. Жүргізушінің бұл әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіні бір шулатқан еді.

Елімізде жол апаты тым жиілеп кетті. Тіпті күніне бірнеше адам жол апатынан қаза тауып жатыр. Соның басым бөлігі жол ережесін сақтамағандықтан екенін ескере бермейміз. Ал ережеге бағыну үшін адамның ішкі мәдениеті берік болу керек.

Жалпы қоғамның дұрыс қалыптасуы әр адамның ішкі мәдениетіне тікелей байланысты. Танымайтын біреуді балағаттау, жолына кедергі болу, оны ұру бәрі де - мәдениетсіздіктің белгісі. Әр көлікке арналған жолақ, жылдамдыққа қойылған шектеу, көлік жүргізуге арналған ереже барда ешқандай тосын мәселе болмау керек.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: