Мультимедиа
Жоғары технологиялық зауыт отандық индустрияның жаңа деңгейін көрсетті
30 Қазан 2025, 14:23

Жоғары технологиялық зауыт отандық индустрияның жаңа деңгейін көрсетті

Біз бүгін елорданың индустриялық аймағында орналасқан «ВМП Астана» зауытында болдық. Бұл - Қазақстандағы еуропалық деңгейдегі заманауи индустриялық лак-бояу және антикоррозиялық жабын өндіретін бірегей жоғары технологиялық кәсіпорын. Зауыт 2022 жылы ресми түрде іске қосылған. Қазір мұнда жылына 5 мың тоннаға дейін лак-бояу және қорғаныш жабындары шығарылады. Біз өндіріс процесін көзімізбен көрдік. Мұнда әрбір кезең автоматтандырылған, ал сапаны бақылау жүйесі халықаралық талаптарға сай жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, «ВМП Астана» өндірісі - отандық нарықтағы импортты алмастыратын нақты жоба. Зауыттың басты мақсаты - еліміздегі өндірістік инфрақұрылымды сапалы өніммен қамтамасыз етіп, қазақстандық брендтің беделін арттыру. Кәсіпорын жұмысымен толық танысу үшін шығарылымды көріңіз! 

Тағы да көріңіз