Жоғары Сот Кеңесі желідегі ақпаратқа байланысты түсініктеме берді

11 Қазан 2023, 19:41 836

Жаңалықтар порталдарында көптеген жарияланымдардың шығуына байланысты Жоғары Сот Кеңесі келесіні түсіндіруді жөн көреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Н.Б. Шетеновтің берген өтінішіне сәйкес ол 2023 жылы 6 қазанда осы соттың судьясы болып қалдырыла отырып, төраға қызметінен босатылды. Қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін Н.Б. Шетеновті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тәртіптік іс Сот жюриінің қарауында. Тәртіптік іс бойынша шешім Сот жюриі отырысының қорытындылары бойынша қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: