29.06.2023
10:20
1230
Жоғарғы соттың бес судьясы сайланды

Жоғарғы соттың бес судьясы сайланды

ҚР сенаторлары Жоғарғы соттың бес судьясын сайлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үміткерлерді 29 маусым күні ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп таныстырды.

Жоғарғы сот судьялары болып сайланғандар:

  1. Ерлан Айтжанов;
    2. Ғабит Әлжанов;
    3. Гүлмира Есанберлиева;
    4. Ерлан Қосмұратов;
    5. Нұрлан Құрманғалиев.