18.01.2024
11:38
1265
Жоғалған талдықорғандық қыз Алматыдан табылды

Жоғалған талдықорғандық қыз Алматыдан табылды

Жетісу облыстық полиция департаменті бір апта бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы талдықорғандық қыздың Алматыдан табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлердің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары Қаратал ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздың жүрген жерін анықтады.

"10 қаңтардан бері туыстары мен полицейлер іздеп жүрген жасөспірім Алматыдан табылды. Кәмелетке толмаған бала үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Талдықорғаннан Алматыға кеткен бойжеткен байланысқа шықпай, жоғалып кеткен.