12.12.2023
11:45
1753
Жоғалған 15 жасар қыздың денесі Балқаш көлінен табылды

Жоғалған 15 жасар қыздың денесі Балқаш көлінен табылды

Балқашта жоғалған жасөспірім қыздың денесі көлден табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Кеше кешкілік 16:00 шамасында би үйірмесіне шығып, оралмаған қыздың әкесі полицияға арыз түсірді. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі бойынша көтеріліп, іздеу басталды.

Жасөспірімді іздеуге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары барысында 11 желтоқсан күні Балқаш көлінің жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Осы уақыттан бастап көлдің аумағын қарау жұмысы жүргізілді. Сағат 13:36 шамасында көлден 40-50 метр қашықтықта, 2,5-3 метр тереңдікте қыздың мәйіті табылды.

 Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталды.