Жоғарғы Соттың судьялары сайланды

16 Маусым 2022, 11:25 2690

Бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында Жоғарғы Соттың судьялары қызметіне Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышев сайланды, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы Сот судьясының қызметіне Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан пен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышевты сайлау туралы ұсыныс қаралғанын жеткізді. 

Ұсынылған екі тұлғаның сот жүйесінде судья ретінде 33 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Аудандық сотта судья ретінде еңбек жолын бастаған. Облыстық соттарды басқарған. Судьялар қауымдастығында беделге ие және Жоғарғы Соттың судьясы жұмысына тыңғылықты дайындықтары бар. Әмір Досжан пен Қамбар Нұрышевты Жоғарғы Соттың судьясына лауазымына сайлау туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын, - деді Денис Шипп. 

Конститутциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Досжан мен Нұрышевты Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыныс қаралғанын алға тартты. 

Сенатқа Конституцияның 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес  Сенатқа Әмір Досжанов пен Қамбар Нұрышевты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлауды ұсынамын,  - деді Владимир Волков.

Бөлісу: