Жоғарғы сот Бас прокурордың наразылығы бойынша сотталған Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады, –деп хабарлайды El.kz порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов жазды.
24 маусымда Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық жүргізілмеуіне байланысты іс бойынша жүргізілген сот актілерінің күшін жоюды және жаңа апелляциялық тыңдау үшін қылмыстық істі жіберуді сұраған.Құрамында 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 19 шілдеде наразылық білдіріп, сот актілерінің күші жойды, - деді ол.
Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 39-бабына сәйкес ақталғандар қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге құқылы деп танылады.Наразылық жартылай қанағаттандырылды.