Жоңғар Алатауының биігінде Астананың 20-жылдығына арналған форум өтті

21 Тамыз 2018, 03:22 2522

В живописном месте Алматинской области — в Коринском ущелье, где расположен самый высокий водопад (112 м) в Центральной Азии Бурхан-Булак, в рамках празднования 20-летия Астаны прошел областной форум «Мы гордимся тобой, Астана». 

 Алматы облысының көрікті жерлерінің бірі – Орталық Азиядағы ең биік (112 метр) Бұрқан Бұлақ сарқырамасы орналасқан Қора шатқалында Астананың 20-жылдығын мерекелеу аясында «Мақтанышым – Астанам»  атты облыстық форум өтті.

Аталмыш шараны Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» мен «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігі ұйымдастырып өткізді.

«Таубұлақ» экокемпингінде өткізілген игілікті іске Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы, Достық үйі қызметкерлері, Этномәдени бірлестік мүшелері, «Жаңғыру жолы» штабы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының орыс сыныптарына дәріс беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысты.

Шараның салтанатты ашылуында Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ләйлім Көнекбаева құттықтау сөз сөйлеп, «Жаңғыру жолы» штабының мүшесі Евгения Еременко шараның жоспарымен таныстырды.

Үш күндік айтулы жиынды өткізудегі негізгі мақсат – жас буын өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін қалыптастыру, қазақ халқының тарихына деген қызығушылықты арттыру, жастардың өмірдегі ұстанымына қолдау көрсетіп, алға қойған мақсат-жоспарларын жүзеге асыруға қолғабыс жасау.

                                       

Бөлісу: