«Жигули Дайрабаев, Дәулет Тұрлыханов». Ұлттық құрылтайдан кімдер шығып қалды

19 Қаңтар, 11:33 1468

Ұлттық құрылтайдың құрамынан бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.​

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​

Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды, - делінген ақпаратта.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: