Жигули Дайрабаев Ауыл шаруашылығы саласында атқарған жұмыстары туралы айтты

11 Қараша 2022, 21:38 1580

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр

Пікірсайыстың екінші раундында «Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевқа «Ауыл шаруашылығы саласында не істедіңіз?» деген сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz.

Қойылған сұраққа Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев осы уақытқа дейінгі істелген жұмыстарды тізіп берді.

«Біріншіден, Еуропадағы дамыған елдерді біріктірген «Социнтерн» деген ұжым бар. Біздің социал-демократиялық партия демократиялық қозғалыстар мен жұмысшы қозғалыстарының бірден-бір мүшесі болып отырған Қазақстандағы бір-ақ партия. Екіншіден, біздің партия ешқашан үнсіз қалған емес. Қандай бір саяси жағдай болғанда, біз өз дауысымызды шығарамыз. Кешегі пандемия болған кезеңде барлық, тіпті парламенттік партиялар үнсіз қалған кезде міндетті вакцинацияға қарсы өз үнімізді шығарып, хат жазып, тиісті жерлерге барғанбыз. Осылай бір мәселені құтқарып қалғанбыз. Сол сияқты елдің тағдырын шешетін ауылшаруашылық жерлерін сатамыз деген кезде осыған қарсы арнайы хат ұйымдастырып, бүкіл партяямызбен соған шыққанбыз. Бұл елдің тағдырын шешетін мәселеге айналды. Біздің партия популизммен емес, нақты іспен айналысады. Біз Ресей полигонында атқан қалдықтарының зияндығы туралы мәселені көтеріп, дер кезінде шешкенбіз. Жаплыұлттық социал демократиялық партия – ең күшті партия. Қазіргі кезеңде партия мүшелері жаңарып, жасарып жатыр. Оның ең үлкені – мен. Ал енді бізде Қазақстанның 20 қаласы мен облысында біздің филиалдарымыз жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ олардың барлығы жігерлі жастар. Олардың қызығушылығы бар», - деді Нұрлан Әуесбаев.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: