«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов БазарLike бағдарламасында Айдар Тұрғанбаев пен Мырзахан Маханов туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол екеуі жұбайларымен дәм-тұздары жараспай ажырасқан.
Айдардың да бірінші әйелі әп-әдемі. Екеуі бір-бірін сүйіп, махаббатпен қосылды. Бірақ өздері тіл табыспады. Біз араласпадық, сондықтан не болғанын білмейміз. Әрине қолымыздан келгенше қосуға тырыстық. Бір қызы бар. 11-ге кеп қалды. Қазір екеуінің де отбасы бар. Өмір деген әрі қарай өтіп жатыр. Тоқтап жатқан жоқ, -дейді продюсер.
Оқи отырыңыздар:
Ол сонымен қатар 2013 жылы отбасын құрған Мырзахан Махановтың некесі ұзаққа созылмағанын айтты.
Дүркіретіп той жасадық алты алашқа. Бес-алты жылдай тұрды. Араларында сәби болмады. Бірінші себеп сол деп ойлаймын. Алланың сынағы, әрі-бері күтті. Сосын шыдамдары таусылып, екіге кетті. Мырзахан жақтан құдаларымыз да жақсы жігіттер еді. Жастар ажырасып кетсе де, аралары суымады деп ойлаймын. Өмірдің сынағы шығар. «Жас емессің, 35-ке келдің. Болмаса, үйлен. Болмаса, Алланың сынағы деп, келінмен қайта қосыл деп айттым, - дейді Ерғали Әбдірайымов.
Айта кетейік, Мырзахан 2013 жылы Гүлім есімді астаналық арумен бас қосқан болатын.