02.03.2024
22:10
1157
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген еді. Құламбаева - Раина финалда доданың екінші ракеткалары швециялық Жаклин Кабай Авад - литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.