20.12.2024
05:32
851
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұптық сында Жібек Құламбаева және үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд спортшылары Тхасапори Накло/Буньяви Тамчайватпен кездесті. Нәтижесінде, Қазақстан-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева/Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық жұп Рия Бхатия/Зил Дисаимен кездеседі.