22.11.2023
07:09
1800
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бангалор (Үндістан) ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Рутужа Босейл бастапқы кездесуін жергілікті теннисшілер Аканкша Ниттур – Нидитра Раджмоханмен өткізді.

Қазақстандық-үндістандық жұп қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Жібек Құламбаева – Р. Босейл жартылай финалға шығу үшін тағы да үндістандық дуэтпен таласады.

Жібек Құламбаева аталмыш турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.