17.09.2023
01:18
882
Жібек Құламбаева ITF W40 турнирінің чемпионы атанды

Жібек Құламбаева ITF W40 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы  атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында қатарынан үшінші рет ITF жарысының жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін ол Рим мен Прагада үздік шыққан еді.