17.07.2023
11:00
1476
Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 3-орнын сақтап қалды. Рейтинг көшін Польша өкілі Ига Швентек бастаса, беларусьтік Арина Соболенко екінші сатыда. Уимблдон жеңімпазы атанған чехиялық Маркета Вондроушова 42-ден бірден 10-орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 56-дан 60-қа сырғыса, Жібек Құламбаева 435-тен 422-ге жоғарылады. Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова, Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула көштің алдын берер емес. Қазақстандықтардан Анна Данилина 24-тен 25-ке, Е.Рыбакина 97-ден 107-ге төмендеді. Есесіне Жібек Құламбаева 198-ден 186-ға шықты.