The Guardian басылымы жасанды интеллекттің АҚШ-тағы болашақ сайлау науқандарына айтарлықтай ықпал ететінін жазады. Газет саяси күресте ЖИ арқылы жасалған жалған фото мен видеолар көбейіп жатқанын ескертеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нью-Йорк штаты ассамблеясының мүшесі Алекс Борестің айтуынша, биылғы сайлау циклінде ЖИ алғаш рет тікелей сайлаушыларға бағытталған контент жасау үшін кең қолданылған. Нью-Йорктегі мэр сайлауында көптеген кандидаттар өз жарнамаларын нейрожелілердің көмегімен дайындаған.
Мэр Эрик Адамс қала тұрғындарына түрлі тілде сөйлейтін ЖИ қоңыраулар жіберіп, қарсыласы Зохран Мамдани басқара қалған жағдайда Нью-Йорк қандай болатынын көрсететін видео жасаған. Тағы бір кандидат Эндрю Куомо ЖИ генерацияланған бейне арқылы сынға ұшырап, кейін роликті өшірген.
Public Citizen ұйымының өкілі Роберт Вайсманның сөзінше, саясаттағы жалған ақпарат бұрыннан бар, бірақ ЖИ оны мүлде жаңа деңгейге шығарып отыр. Нью-Йоркте ЖИ арқылы жасалған жарнаманы арнайы белгілеу талап етіледі, алайда бұл ережені орындамаған штабтар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
The Guardian-ның болжауынша, 2028 жылғы АҚШ президенттік сайлауында ЖИ-мен жасалған роликтер одан әрі көбейеді.