Ipsos компаниясының мамандары француздың Deezer сервисінің тапсырысымен зерттеу жүргізді. Онда қатысушыларға жасанды интеллект және адам жасаған музыкалық үзінділерді тыңдау ұсынылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу көрсеткендей, 9 мың адамның 97%-ы нейрожүйе құрған композицияны шынайы музыкадан ажырата алмағаны анықталды.
Бұған дейін – 6-10 қазан аралығында Ұлыбритания, Канада, Бразилия, Германия, Франция, Жапония, АҚШ және Нидерланд тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, ол да дәл осындай қорытынды көрсетті – қатысушылардың 97%-ы адам жазған музыканы нейрожелі жасаған туындыдан айыра алмаған.
Сондай-ақ респонденттердің 51%-ы жасанды интеллекттің кең таралуы сапасыз музыкалық өнімдердің көбеюіне әкеледі деп санайды. Ал шамамен үштен екі бөлігі ЖИ шығармашылықты төмендетеді деген пікірде.
OpenAI компаниясы жасанды интеллекттің жаңа буыны – GPT-5.1 Instant және GPT-5.1 Thinking модельдерін ресми түрде таныстырғаны туралы жазғанбыз.