Нейрожелілерді қолдану мереке алдындағы жақындарға сыйлық таңдау деген қарбаласты едуір жеңілдете алады. Соңғы технологияның көмегімен кез-келген жақыныңызға ұнайтын және талғамына сай етіп таңдап алуға мүмкіндік бар.
Нейрожелілер сыйлық таңдауға қалай көмектеседі
Жаңа жыл алдындағы кезең дәстүрлі түрде тұтынушылық белсенділіктің артуымен және соған байланысты қарбаласпен қатар жүреді. Туысқандарға, достарға және әріптестерге сыйлық таңдау уақыт пен идеяның жетіспеушілігі салдарынан күрделі логистикалық міндетке айналады.
Сылық таңдау үшін: браузерде «әкеңе сыйлық» деген сұраныс енгізсеңіз, SEO-оңтайландыру мен брендтердің жарнама бюджетіне сүйеніп жасалған стандартты тізімдер шығады. Мұндай алгоритмдер сізге қаржылық мүмкіндігіңіз бен жасына сай етіп таңдап береді.
Ал нейрожелілер басқаша жұмыс істейді. Олар адамға табиғи тілде берілген сұраныстарды өңдей алады, контексті талдайды және жекелендірілген шешімдер ұсынады. Нәтижесінде қолданушы жүздеген сілтемені өз бетінше қараудың орнына, сыйлық алушының шамамен жасалған портретіне негізделген нақты ұсыныстар тізімін алады.
Бұл тренд жаһандық нарықта да байқалуда. Ірі компаниялардың зерттеулеріне сәйкес, Ұлыбританияда сатып алушылардың шамамен төрттен бірі тауар іздеу үшін ЖИ қолданады. Ал 25-34 жас аралығындағы аудиторияда бұл көрсеткіш 30%-ға жеткен.
Сыйлық таңдауға арналған нейрожелілер Қазақстанда да қолжетімді
Сыйлық таңдау мәселесін шешу үшін отандық қолданушылар келесі құралдарды пайдалана алады:
Нейрожелі арқылы сыйлық таңдауға арналған кеңестер
Сіздің жақыныңызға қажетті сыйлықты дәл ойыңыздағыдай таңдау үшін мына жайттарды ескерген жөн:
Дамыған заманауи желіні қолдану арқылы сіз уақытыңызбен қатар, жүйкеңізге де салмақ түсірмейсіз. Тек таңдау және ескертуді дұрыс толтырсаңыз жеткілікті.