ЖИ енгізу арқылы америкалық компания 650 млн доллар үнемдеді

ЖИ енгізу арқылы америкалық компания 650 млн доллар үнемдеді

АҚШ-тың HP компаниясы жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануға көшу барысында өз қызметкерлерінің шамамен 10 пайызын, яғни 2028 жылдың соңына дейін 6 мың адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Компания басшысы Энрике Лорес бұл қадам өнімдер мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үдерісін жылдамдату және клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, ЖИ-ді енгізу бірқатар ішкі операцияларды автоматтандырып, компанияның тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Бұл өзгерістер HP-ді жаңғыртуға және алдағы 10–20 жылда бәсекеге қабілеттілікті сақтауға жол ашады, - деді Лорес.

Қайта құрылымдауға шамамен 650 миллион доллар жұмсалмақ. Компанияның есебінше, бұл шараларды іске асыру жыл сайын кемінде 1 миллиард доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.