Жезқазғанда қар суы арнайы техникамен шығарылып жатыр

10 Наурыз, 16:26 705

Жезқазғанда ауа райының күрт жылынуына және жауынға байланысты коммуналдық қызметтер қала көшелерінен жаңбыр суын сорғыту шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлытау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қаланың автожолдарынан еріген қар суын шығаруға 10 арнайы техника және 40 жұмысшы жұмылдырылды. Әкімдіктің хабарлауынша қазіргі таңда қаланың автокөлік жолдарында су басуға бейім 5 учаске анықталды. Қазір барлық учаскелер бақылауда, қажет болған жағдайда арнайы техникалар қосымша жіберіліп жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: