03.05.2023
23:49
1091
Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2 мамыр күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласы ПБ-ға Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті, - делінген мәліметте.

23 жастағы автокөлік жүргізушісі мопед мінген 15 жасар жасөспіріммен соқтығысқаны анықталды. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.