Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын екі жүз telegram арналары бұғатталды

21 Қараша, 13:56 330

Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын 200 telegram-каналдар бұғатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған қаласы прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналасатын 200 Telegram-каналдарды анықтады. 

Қабылданған шаралармен «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы аталған есірткі сайттары бұғатталды, осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: