Жезқазғанда бұрынғы қонақ үй кешенінде өрт шықты

26 Мамыр, 09:26 518

Ұлытау облысы Жезқазғанда екі қабатты үйде өрт шықты. Ғимарат бұрын қонақ үй кешені болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Қызыл жалын 30 шаршы метр алаңды шарпыған.

Өрт сөндірушілер келген кезде үй ішінде мас халдегі ер адам болған. Ол құтқарылды. Ер адам жедел жәрдем бригадасына берілді. Қазіргі өрттің шығу себебі анықталуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: