Жезқазған қаласының тумасы Меккеге екінші рет велосипедпен барып келді

27 Тамыз 2023, 10:15 1285
Жезқазғандық азамат Мекке қаласына екінші рет велосипедпен барып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.
 
Қажылық сапардан аман оралған Талғат Жұмабеков елге тамыз айында жеткенін атады. Осылайша ол қазақ әлемді аралап, елімізді көпке насихаттағанын айтады. Ол бұоын продюссерлік орталықта жұмыс істеген. Тіпті хореограф та болған көрінеді. Артынша дүниежүзін шарлауды мақсат тұтып отыр. Осылайша мұсылман үшін қасиетті Меккенің топырағын басу басты арманына балаған. Бірақ өзгелер сияқты айшылық алыс жерге ұшақпен жедел жете салмай, мыңдаған шақырымды велосипедпен еңсеруді жһн көріпті. 
 
Жиhанкездің басты мақсаты – әлемді көріп қана қоймай, Қазақстанды көпке таныту. Тіпті велосипедіне көк туымызды орнатып алған. Осылайша сапар аясында жергілікті тұрғындарға еліміз туралы айтып, оларды Қазақстанға келуге шақырады. Бүгінгі күнге дейін Талғат 63 мыңнан астам шақырымды еңсерген. Әлемнің 49 елінде болған.
Маған Орталық Америка қатты ұнады. Мексика, Гватемала, Колумбияда да болдым. Аңғарғаным, адамдары қарапайым әрі мейірімді. Әркез көмектесуге дайын тұрады, - дейді Талғат Жұмабеков.
Осылайша бұл жолы Талғат қасиетті Меккеге екінші мәрте қажылыққа барып келіп отыр. Тек бұл жолы сапарын Алматы қаласынан емес, Каирдан бастаған. Елге тамыз айының басында оралп, баалалық шағы өткен Жезқанғанға да жетті. Ал болашақта белін бекем буып қос дөңгелекті көлігімен Оңтүстік Америкаға аттануды көздеп отыр. 
Асқар Таудай
Бөлісу: