Жетісулық шаруалар 110 тонна азық-түлік ұсынды

25 Желтоқсан 2023, 05:34 775

Талдықорған қаласындағы "Жастар" Спорт сарайының маңындағы алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңеге облыс әкімі Бейбіт Исабаев барды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге облыстың 2 қала, 8 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін әкелді.  

Облыс басшысы тауарларын саудалауға келген азық-түлік өндірушілермен тілдесіп, қала тұрғындарымен де пікірлесті.  

Жәрмеңкеде Алакөлдің балығы, Көксу мен Ақсудың қанты, Сарқанның балы, сол сияқты ет, сүт, шұжық, жеміс-көкөніс өнімдері, сол сияқты ұн, жармалар, өсімдік майы мен малдың майы, ұлттық сусындар және басқа да жалпы көлемі 110 тонна болатын 25 түрлі азық-түлік саудаланды.

Фотосуреттер авторы: Руслан Кадыров

Берік Арманов
Бөлісу: