Жетісулық фермерден заңсыз қару-жарақ тәркіленді

30 Қаңтар 2023, 15:51 1977

Тәркіленген қару тиісті сараптамаға жіберілді

Ақсу ауданының 52 жастағы тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Үлгілі ауылының маңында орналасқан оған тиесілі шаруа қожалығында полиция қызметкерлері 2 аңшылық мылтық, 1 иір ойықты винтовка және әртүрлі калибрлі 30-ға жуық патрон тапты.

"Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдегу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіледі. Тәркіленген қару тиісті сараптамаға жіберілді. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.

EL.KZ
Бөлісу: