Жетісулық балықшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

18 Ақпан, 08:15 907

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жазатайым оқиғаларды, қысқы балық аулау кезінде жарақаттануды және адам өлімінің алдын алу мақсатында Алакөл көлінде ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, профилактикалық жұмыстар кезінде құтқарушылар 100-ден астам дана астам үгіт өнімін таратып, балықшылармен шағын сауалнама жүргізді өзін-өзі құтқару, суға немесе мұз астына түскенде көмек көрсету элементтерін және жоғары өтімді техниканың мүмкіндіктерін айқын көрсетті.

Құтқарушылар қалыңдығы 25 см-ден кем мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде жол берілетінін еске салды, қараңғыда, нашар көріну кезінде және мұз қату мен мұз еру кезінде мұзға шығуға жол берілмейтінін түсіндірді, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар, балықшыларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» Қағидаларды орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 412-бабы қолданылып жеке тұлғаларға айыппұл салынылатыны бойынша жауапкершілік жеткізілді.

Жалпы облыс бойынша ТЖ департаменті полиция қызметкерлерімен және балық инспекциясымен бірлесіп балық аулау орындарында үнемі патрульдеу, аралау және рейдтер жүргізеді. Қысқы кезеңнің басынан бастап барлығы 600-ден астам патрульдеу және рейд жүргізілді, су айдындарында (мұзда) жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша 372 нұсқама өткізілді.

Құрметті азаматтар, Төтенше жағдайлар департаменті Жетісу облысының барлық тұрғындары мен қонақтарын қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Перизат Саденова
Бөлісу: